Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімиятының 2009 жылғы 10 ақпандағы N 49 қаулысы. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 05 наурызда N 3-12-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 25 қаулысымен 
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 7-бабының 5-2, 5-3 - тармақшаларын, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кәсіпорын, ұйым және мекемелер басшылары жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Әубәкіров Е.) осы қаулының жүзеге асырылуы бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. "Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Алтаев Е.) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру ұйымдастырылсын.

      4. Хромтау аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі "Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде N 3-12-37 2007 жылғы 14 ақпанда тіркелген, 2007 жылы 02 наурызда N 8 "Хромтау" газетінде жарияланған) N 48 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі      Б. Қаниев

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
10 ақпандағы N 49
қаулысына қосымша

2009 жылға мүгедектерге арналған 3 пайыздық квоталарын Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша бекітілуі.

N

Мекеме кәсіпорындардың атаулары

Кәсіпорындағы (мекемедегі) жұмыс орындарнының жалпы саны

Мүгедектерге арналған квоталанған жұмыс орындарының саны

Есепті кезеңге кәсіорындарында жұмыс жасайтын мүгедектердің саны

Мүгедектер үшін қолданылуға берілген жұмыс орныдарының саны (3-4 бөліктері)

Ескерту

1

"Казхром" ТҰК" АҚ филиалы – Доң тау-кең байыту комбинаты

7510

225

49

176



2

"Керамика" А Қ

168

5

4

1



3

"Хромтау аудандық орталық аурухана" МКҚК

358

10

1

9



4

"Рахат" ЖШС

90

3

1

2



5

"Хромтау аудандық әділет басқармасы" ММ

11

1

1





6

"Хромтау аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

12

1

1





7

"Абай селолық округінің Әкімі аппараты" ММ

4

1

1





8

Хромтау аудандық N 4 Кәсіптік лицей

83

2

1

1



9

Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Хромтау аудандық бөлімі

7

1

1

-



10

Бөгетсай орта мектебі

98

3

2

1



11

Ақжар орыс орта мектебі

43

1

2

-



12

Ақжар қазақ орта мектебі

65

2

1

1



13

Ойсылқара орта мектебі

22

1

1

-



14

Степной орта мектебі

20

1

1

-



15

Сарсай орта мектебі

41

1

2

-



16

Қопа орта мектебі

83

2

1

1




Барлығы 8615 262 70 192

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады