2010 жылға біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы N 189 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 12 наурызда N 3-13-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 239 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010.12.23 № 239 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсан дағы N 100 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңның 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан көлеміндегі біржолғы талон негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерден алым құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың            Аудандық мәслихаттың
           сессия төрағасы                 хатшысы

           Г.Сейтова                    С.Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады