Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі ТФС (тауарлары сүт фермасы) елді мекенін ауыл категориясына жатқызып, Төле би ауылы атауын беру туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 32-192 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 42 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 21 мамырда N 2051 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 34-тармақтарына сәйкес, ұсынылған материалдарды қарай келе, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі ТСФ (тауарлы сүт фермасы) елді мекені жер пайдалану шекарасы шегінде ауыл категориясына жатқызылсын.
       2. Елді мекенге Төле би ауылы атауы берілсін.
       3. Алматы облыстық статистика Департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін.
       4. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
      5 . Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Х. Ахметжанов

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады