Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.01.2014 N 2-38 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 17, 20-баптарына сәйкес және Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылдың 10 желтоқсанындағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" (2009 жылғы 29 желтоқсандағы Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-110, 2010 жылғы 15 қаңтардағы "Талдықорған" газетінің 3-нөмірінде жарияланған) N 158 шешімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемі шығындары үшін белгіленген норма шегінде ай сайын 1 адамға шаққанда:
электр қуатына - 45 килоВатт;
жылуға-жайлы пәтерлердегі тұрғын алаңының 18 шаршы метріне;
ыстық және суық су - тариф бойынша;
газға - 1 кіші балонның құны;
жылына бір рет 1 тонна көмір- орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерге қосымша шаралар белгіленсін.
2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Мұхаметжан) "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шараларға арналған төлемдердің төленуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Көлбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров