Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 9-294 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 мамырда N 2-1-123 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 2-38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.01.2014 N 2-38 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына16-бабына сәйкес, "Талдықорған қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 212 шешімін (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 30 желтоқсанда 2-1-134 нөмірі тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 07 қаңтардағы 2-нөмірінде жарияланған) орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2011.08.19 N 20-865 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын әрқайсысына 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхаметжан) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражатты уақтылы игерілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Талдықорған қаласы әкімиятының 2005 жылғы 21 маусымдағы "Мүгедек - балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 28 маусымдағы тіркелген нөмірі N 2-1-6, "Талдықорған" газетінің 2005 жылғы 29 шілдедегі 31 нөмірінде жарияланған) N 19-589 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2011.08.19 N 20-865 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады