Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» елді мекендеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімінің 2010 жылғы 6 тамыздағы N 95 шешімі. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте N 2-2-109 тіркелді

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» ауылдарындағы ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына жол бермеу жөніндегі Қапшағай қаласының бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 1-18-163 ұсынысы негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:     
      1. Ауылшаруашылық малдарының сарып ауруына шалдығуына байланысты Шеңгелді ауылдық округінің «Шеңгелді», «Кербұлақ», «Сарыбұлақ» елді мекендеріне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шеңгелді ауылдық
      округінің әкімі                     Е. Қойлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады