"Алакөл ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы N 30-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 қарашада N 2-5-131 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 маусымдағы N 5-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 09.06.2012 N 5-5 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2 тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Алакөл ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы:                      К.В. Власенко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Б.Т. Сейрбаев

Алакөл аудандық мәслихатының
2010 жылғы 21 қазандағы
қабылданған Алакөл ауданының
"Құрметті азаматы" атағын
беру Ережесін бекіту
туралы" N 30-3 шешіміне
қосымша

Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі

1. Жалпы жағдайы

      1. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" деген Атақ (бұдан әрі Атақ) беру ізгіліктің ынтасы болып табылады. Еңбегін қоғам болып мойындап бастамаларды көрсетеді. Ол азаматтардың жалпы белсенділігін еңбегін жоғары ұстауға, батылдыққа, ұлт намысын қорғауға, Отанын сыйлауға, ұлт арасындағы ынтымақтастыққа үйретуге шақырады.
      2. Атақ ауданға төмендегідей сіңірген еңбектері үшін беріледі:
      2.1. Ауданның экономикасын, ғылымын және мәдениетін, өнерін, білімін, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларын дамытуға қомақты үлес қосқаны үшін;
      2.2. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократиялық, жариялылық және әлеуметтік прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуметтік дамытуға қосқан еңбегі үшін;
      2.3. Спортта, мемлекеттік және әскери қызметте жеткен жетістігі үшін;
      2.4. Қайырымдылық қызметі және мейірмандылығы үшін;
      2.5. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін.
      3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға беріледі. Атақ Алакөл ауданының аумағында тұрмайтын адамдарға берілуі мүмкін.

2. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ұсынылатын
қайраткерлерге кейбір салалар бойынша қойылатын талаптар

      4. Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы кезінде қаһармандық көрсенкендер және ерлік жасағандар, сондай-ақ бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар;
      5. Қазақстан Республикасы Президенті немесе Үкіметінің дәрежелі наградаларымен, облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған, еңбегін ел таныған, ауданның дамуына үлес қосқан, жергілікті мемлекеттік басқару саласында кемінде 5 жыл қызметтік өтілі бар, саяси және әкімшілік қызметкерлер;
      6. Халық шаруашылығы саласында еңбегін сіңірген, инновациялық қызметті және озық технологияларды енгізген қайраткерлер;
      7. Қазақстан Республикасы Президенті немесе Үкіметінің дәрежелі наградаларынмен, облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған, еңбегін ел таныған, ауданның дамуына үлес қосқан, әлеуметтік салада 10 жылдан кем емес қызметтік өтілі бар қызметкерлер.

3. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ұсыну және
атақты беру тәртібі

      8. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағы жылына бір рет беріледі. Атақ қала, ауылдар бойынша жылына бес адамға дейін берілуі мүмкін.
      9. Атақ аудан әкімінің жазбаша ұсынысы бойынша, аудандық мәслихатпен бекітіледі.
      10. Аудан әкімі аудандық мәслихатқа "Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ұсынылатын кандидатураға қатысты мынадай құжаттарды жолдайды:
      Азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорын еңбек ұжымдары, ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, партия жиналысының хаттамасы, аудандық мәслихат депутаттарының үндеулер;
      өндірістік шығармашылық, қайырымдылық қызметтердегі нақтылы еңбегінің, Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерді, наградтау күнінің көрсетілуімен үкіметтік емес және басқа наградалардың тізілімі енгізілген мінездеме;
      кандидатураның өмірбаяны туралы мәліметтер;
      ерекше еңбегін және мемлекеттік наградаларын растайтын құжаттар.
      11. Атақ беру туралы өз кандидатурасын қолдау туралы өтініштер қаралмайды.
      12. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болу, аудандық мәслихат шешім қабылданғаннан кейін енеді.
      13. Құрметті азаматтардың аты-жөні хронологиялық тәртіппен Алакөл ауданының Құрмет кітабына енгізіледі, ол аудандық мәслихатта тұрақты сақталады.
      14. Атақ беру туралы аудандық мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
      15. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" туралы куәлікке аудан әкімі қол қояды.
      16. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болған адамға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 (отыз) мың теңге көлемінде бір жолғы сыйақы беріледі.
      17. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" деген куәлікті, төс белгіні, лентаны және сыйақыны аудан әкімі немесе аудан әкімінің міндетін атқарушы салтанатты жағдайда табыс етеді.
      18. Куәлікті, төс белгіні, лентаны және сыйақыны дайындау Алакөл аудан әкімінің аппаратына жүктеледі.
      19. Куәлік, төс белгі және лентаны дайындау шығындарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Төс белгі мен лентаның сипаттамасы

      20. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" деген төс белгі алтын түсті металлдан жасалады, диаметрі 29 милиметр, ені 4 милиметр. Оң жақ бетінің шет жағалауында Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" деген жазуы бар.
      21. Ескерткіш лентасы көгілдір түсті немесе жібек матадан жасалады. Ұзындығы 2 метр, ені 16 сантиметр. Лентада Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" деп жазылған лентаның шеттері қазақ өрнегімен өрнектеледі.

5. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағынан айыру
негіздемесі

      22. Алакөл ауданының "Құрметті азаматы" атағы берілген адам қылмыс жасады деп танылып, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін немесе үлкен қоғамдық резонанс тудыратын жағымсыз мінез құлық көрсеткен жағдайда, аудандық мәслихаттың шешіміне, Атақ беру туралы өтінім шығарған органның ұсынысы бойынша атағынан айырылады.
      23. Осы Ереженің 22 тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша, Атақтан айырылған адам, атақ беруге қайта ұсынылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады