1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-469 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қаңтарда N 2-5-141 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларынды 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Б. Момышұлы көшесі 101 мекен жайында орналасқан "Алакөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын белгіленген мерзімде Алакөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскелеріне тіркеуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Қарасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады