РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтүбек ауылындағы "Ленин" көшесі Қарасай батыр, "Крупская" көшесі Мәншүк Мәметова көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Ақтүбек ауылдық округінің әкімшілік аппаратында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маман Жанар Мухаметжановаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтүбек ауылдық
округінің әкімі: М.М. Төлегенов