РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бескөл ауылдық округіне қарасты:
1) Қаратұма ауылындағы Некрасов көшесі Асан Қайғы, Пушкин көшесі Бұқар Жырау, Гагарин көшесі Гали Орманов;
2) Бұлақты ауылындағы Школьная көшесі Балуан Шолақ, Пионерская көшесі Тәуелсіздік, 8 март көшесі Шара Жиенқұлова көшесі атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Нұрғазыұлы Атажановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Бескөл ауылдық
округінің әкімі: С.А. Сасанов