Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Жыланды ауылдық округінде белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 15 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 16 қыркүйекте N 2-5-114 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 24 мамырдағы "Жыланды ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Жыланды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жыланды ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды округтің бас маманы М. Садуақасовқа жүктелсін.
      3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жыланды ауылдық
      округінің әкімі:                           М. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады