Лепсинск ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсинск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 мамырдағы N 7 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 16 маусымда N 2-5-109 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Лепсинск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Лепсинск ауылындағы Ленин көшесі Бикен Римова, Маяковский  көшесі Сағырбайұлы Құрманғазы, Чайковский көшесі Мұқан Төлебаев, Горький көшесі Әнуар Әлімжанов, Мир көшесі Ораз Жандосов, Чапаев көшесі Мұқағали Мақатаев, Фрунзе көшесі Қаныш Сәтбаев, 8 март көшесі Ғани Мұратбаев, Октябрь көшесі Шәкен Айманов, Береговая көшесі Мұхамеджан Тынышбаев, Ушинский көшесі Бекзат Саттарханов, Фурманов көшесі Темірбек Жүргенев, Новостройка көшесі Оспанхан Әубәкіров, Менделеев көшесі Мұстафа Қабенұлы Өзтүрік көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу, Лепсинск ауылдық округ әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маманы Мадина Темірбековна Джанбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лепсинск ауылдық
      округінің әкімі                            А. Баянбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады