Үшбұлақ ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 02 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 16 маусымда N 2-5-110 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Үшбұлақ ауылындағы Гагарин көшесі Мәншүк Мәметова, Ключевая көшесі Ләззат Асанова көшесі атауларына өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Үшбұлақ ауылдық округінің бас маманы Кабдолдина  Нұрсақыш Өмішкенқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үшбұлақ ауылдық
      округ әкімі:                               Ж. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады