Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Ынталы ауылдық округінде белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 16 тамыздағы N 07 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 22 қыркүйекте N 2-5-115 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы N 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округі әкімінің 2010.11.01 N 12 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 25 мамырдағы "Ынталы ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан құтырма ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ынталы ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, құтырма ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ынталы ауылдық округінің бас маманы А. Сазанбаевқа жүктелсін.
      3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық
      округінің әкімі:                           Қ. Иманқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады