Ырғайты округіне қарасты Көктұма ауылындағы жаңадан түскен көшеге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 34 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-5-95 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ырғайты округіне қарасты Көктұма ауылындағы жаңадан түскен көшеге Қарасай батыр аты қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу, Ырғайты округінің іс жүргізу жөніндегі бас маманы Сатбаева Мейрамгүл Оразханқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғайты ауылдық
      округінің әкімі:                           Ш.А. Шудабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады