Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 108 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес және Жамбыл аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің елді мекендерді өркендету жоспары және елді мекендердің шекарасын (шегін) өзгерту жөніндегі жерге орналастыру жобасы негізінде Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоспарлы картографиялық құжаттарға сәйкес Жамбыл ауданының төмендегі елді мекендерінің шекараларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ұзынағаш селолық округінің Ұзынағаш ауылы елді мекенінің шекарасына 743,434 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: суармалы егістік 651,494 га, егістік 21,13 га, жайылым 2,6 га, 68,21 га басқа жерлер. Қарғалы селолық округінің Қарғалы ауылы елді мекенің шекарасына 132,0210 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: суармалы егістік 8,39 га, жайылым 38,1015 га, 85,5295 га басқа жерлер. Қарасу селолық округінің Сарыбай би ауылы шекарасына 32,11 гектар суармалы егістік жер аумағы енгізілсін, Қарасай ауылының шекарасына 14,32 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: суармалы егістік 9,24 га, жайылым 5,08 га. Еңбекшіарал ауылының шекарасына 59,12 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: суармалы егістік 32,6 га, жайылым 26,52 га. Қайназар ауылының шекарасына 141,58 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: егістік 46,66 га, жайылым 94,92 га. Қызылсоқ ауылының шекарасына 36,35 гектар егістік жер аумағы енгізілсін; Жамбыл селолық округінің Жамбыл ауылы шекарасына 127,05 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: егістік 27,67 га, суармалы егістік 99,38 га. Бірлік ауылының шекарасына 18 гектар егістік жер аумағы енгізілсін; Қызыләскер ауылының шекарасына 20,26 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Саурық батыр ауылының шекарасына 19,72 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Қарақыстақ селолық округінің Қарақыстақ ауылы шекарасына 29,54 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: егістік 7,1 га, басқа жерлер 22,44 га. Самсы селолық округінің Самсы ауылы шекарасына 9,0 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Ақсеңгір селолық округінің Жайсан ауылы шекарасына 15,0 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Мыңбаев селолық округінің Мыңбаев ауылы шекарасына 56,0 гектар суармалы егістік жер аумағы енгізілсін; Шолаққарғалы селолық округінің Үмбеталы ауылы шекарасына 67,25 гектар жер аумағы енгізілсін оның ішінде: егістік 52,02 га, жайылым 15,23 га. Қасымбек ауылының шекарасына 120,8291 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: суармалы егістік 82,4691 га, егістік 38,36 га. Шолаққарғалы ауылының шекарасына 5,08 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: егістік 3,5 га, жайылым 1,58 га. Талап селолық округінің Сұраншы батыр ауылы шекарасына 61,08 гектар егістік жер аумағы енгізілсін; Теміржол селолық округінің Қазыбек бек ауылы шекарасына 130,0 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Үлгілі селолық округінің Үлгілі ауылы шекарасына 25,23 гектар егістік жер аумағы енгізілсін; Үлкен селолық округінің Үлкен ауылы шекарасына 25,20 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Шиен селолық округінің Шиен ауылы шекарасына 54 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін; Қоғамшыл ауылының шекарасына 10 гектар жайылым жер аумағы енгізілсін;
2. «Жамбыл аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттамаларына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау бюджет, экономикалық реформалар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік пен жекешелендіру, экономика, нарықтық құрылымдары жетілдіру мен дамыту жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Ақылдос Абайұлы Әбіловқа және аудан әкімінің орынбасары Ғадылжан Бекболатұлы Бекқожаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы Т.С.Вильданов
Аудан әкімі М.С.Бигелдиев
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Б. Қазиев