Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық ономастика кеңесінің келісімін, халықтың пікірін ескере отырып, Мыңбаев селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев селолық округіне қарасты Мыңбаев ауылындағы жаңа құрылыс жерлерінде келесідей жаңадан: «Көкбастау, Суықтөбе, Майтөбе, Басбатыр, Ақсу, Көксу, Қарасу» деп көшелерге атау берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Мыңбаев селолық
округінің әкімі А. Жолтаев