РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағы, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі келісімдеріне, Жаңашар ауылы тұрғындарының 2010 жылғы 22 ақпандағы, 4 наурыздағы және Космос ауылы тұрғындарының 26 ақпандағы хаттамаларына сәйкес селолық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар селолық округіндегі ауылдардың көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Жаңашар ауылының "Майская" көшесін "Игібай Ноқабаев" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
2) Жаңашар ауылының "Молодежная" көшесін "Мырзалы Баекешов" атындағы көшесі деп өзгертілсін;
3) Космос ауылындағы "Молодежная" көшесін "Омархан Рүстембеков" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Жаңашар селолық
округінің әкімі Б. Бекенов