Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабындағы 2-тармағын және 7-бабының 5-2 тармақшасын басшылыққа ала отырып Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандағы барлық жұмыс берушілердің меншік түріне қарамастан жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру мүмкіндіктерін қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданының әкімі С. Дүйсембінов