Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 N 2 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жеке шаруашылығына мал сатып алуына, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке- меншік іс ашу үшін, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебінен 200 мың.теңге қаржы бөлуді қамтамасыз ету.
2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, аудандық комиссиясына әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қалай жұмсалатынын өтініште көрсетіп келесі құжаттарды ұсынған кезде әлеуметтік көмек тағайындап, төлеуін қамтамасыз етеді:
- егін егу үшін, тұқым сатып алуға, жер учаскесінің бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарттың көшірмесі;
- халықтық кәсіпті дамытуға, жеке меншік іс ашуға негізделген есеп (бизнес жоспар). Кәсіби білімі барлар жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі және үлгерім деңгейі мен бизнес жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысы (қосымша ретінде);
- "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, аудандық комиссия және әлеуметтік көмек алушы арасындағы үш жақты келісім шарт.
3. "Ескелді аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Бейсеқұлова) аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландырудың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Ескелді ауданы
әкімі С. Дүйсембінов