Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 29.12.2014 № 407 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес және Ескелді аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 29 сәуірдегі ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округіндегі Жетісу және Екпінді ауылдарының қой, ешкі малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Төленгіт ауылдық округіндегі Жетісу және Екпінді ауылының барлық мал түрлерін түгелдей қадағалау Төлеңгіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Дауыталиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Алпысбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы жарияланғаннан күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов