Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Междуреченск ауылдық округінде жаңа көшелерге Қазақстан Республикасына айрыкша еңбегі сінген және оның тарихына, әдебиетіне елеулі еңбек үлесің қосқан мәдениет қайраткерлерінің төмендегі есімдері берілсін:
Междуреченск ауылы бойынша:
ұзындығы 450 метр көшеге Ақан сері
ұзындығы 450 метр көшеге Нұрғиса Тлендиев
ұзындығы 450 метр көшеге Алпамыс батыр
Екпінді ауылы бойынша:
ұзындығы 700 метр көшеге Новая
ұзындығы 300 метр көшеге Мәншүк Маметова
ұзындығы 700 метр көшеге Бикен Римова
ұзындығы 500 метр көшеге Бұқар жырау
ұзындығы 700 метр көшеге Наурызбай батыр
ұзындығы 700 метр көшеге Бөлек батыр
ұзындығы 700 метр көшеге Қобланды батыр
ұзындығы 700 метр көшеге Шоқан Уәлиханов
ұзындығы 700 метр көшеге Мұхтар Әуезов
ұзындығы 700 метр көшеге Райымбек батыр
ұзындығы 700 метр көшеге Ескелді би
Жауғашты ауылы бойынша:
ұзындығы 450 метр көшеге Жауғашты батыр
ұзындығы 450 метр көшеге Бауыржан Момышұлы
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Междуреченск ауылдық
округ әкімі Қ. Базарбаев