Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 27.03.2014 N 83 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16–бабына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына көрсетілетін қосымша әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға әр тоқсанға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін.
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және қамқорлыққа алынған 18-ге толмаған мүгедек балаларға (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан және ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың мүгедек балаларынан басқа) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға отбасының табысына қарамастан облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, бір жылға тағайындалсын.
3. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Амандосов):
Мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті ата-анасының өтініші бойынша олардың біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда көрсетілуін қамтамасыз етсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі;
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының куәландырылған (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;
отбасының құрамын растайтын тұрғылықты жерінің құжаты;
облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Мәдібеков) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қарастырылғандай қаржы шегінде бөліну мәселесін шешсін.
5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 22 ақпанында 2-12-48 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 2 наурызындағы N 9 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 19 қаңтарындағы N 11 "Мүгедек балаларға қосымша көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Байтаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Қ. Медеуов