Қаратал ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 наурыздағы N 35 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 06 сәуірде N 2-12-143 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011.12.20 N 365 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына2-тармағына және 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын іске асыру үшін, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қаратал ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. "Жастар практикасын" ұйымдастыру шаралары 2009-2010 жылдары бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары болып табылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Байтаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Қаратал ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 2 наурыздағы N 35
"Қаратал ауданында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша

Қаратал ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шараларының
ТӘРТІБІ

      Қаратал ауданында "Жастар практикасын" ұйымдастыру шарасы азаматтарды, нысаналы әлеуметтік топтар өкілдерін неғұрлым толық қамту үшін Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың практикалық тәжірибе алу, білім, білік, дағдыларын үйрену мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленеді.

Жалпы ережелер

      Осы тәртіпте мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1. Уәкілетті орган - "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып саналады;
      2. "Жастар практикасы" - бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 17 мен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізуді білдіреді;
      3. Жұмыс беруші - "Жастар практикасын" ұйымдастырып өткізетін кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар болып табылады.
      4. Қаратал ауданында азаматтарды, нысаналы әлеуметтік топтар өкілдерін неғұрлым толық қамту шаралары Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 17 мен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізу тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
      5. Жастар практикасы Қаратал ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында ұйымдастырылып, өткізіледі.
      6. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру

      7. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша аудандағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
      Жастар практикасын ұйымдастыруда келесі жағдайлар ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санының үлесі;
      2)жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3)жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш тәжірибенің болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      8. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты болашақта даму үрдісін кеңейту перспективалары және жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұған қоса уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары жөніндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады. Сонымен бірге, Жастар практикасына қатысу жөнінде ұйымдарға ұсыныс білдіріп, хабарлама жібереді. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде іс-тәжірибеден өткізуге қабылдай алатын адамдардың санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
      9. Уәкілетті орган үш күн ішінде жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі осы шараның мазмұнымен таныстыра отырып, тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
      10. Уәкілетті орган ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдауы негізінде жастар практикасына қатыстыру үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесілер ескеріледі:
      1) үміткерлер жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендігі;
      2) үміткерлердің кәсіптік білімінің болуы;
      3) Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде уәкілетті органның мәліметі бойынша оларға лайықты жұмыстың болмауы.
      11. Жұмыссыздардың Жастар практикасына қатысуына Жастар практикасы басталған сәттен бастап он екі ай мерзімде бір рет алты айға дейінгі мерзімге рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
      12. Жұмыссыз азаматтар уәкілетті органның шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша жергілікті атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      13. Уәкілетті орган Жастар практикасын жергілікті атқару органдарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.
      14. Жұмыссыздарды жастар практикасына алуға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және жастар практикасына қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын үйретуді қамтамасыз етеді. Жұмыссыздармен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді және еңбек шартына Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында еңбек ақы төлеу бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалады, онда жастар практикасына қатысушы мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері заңнамаға сәйкес көрсетілуі керек.
      15. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен жұмыс берушіге жібереді.
      16. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды, жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
      17. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмыссызды алты айдан аспайтын мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті маман-тәлімгер бекітеді. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарына сәйкес барлық құқықтарға ие болады.
      18. Жұмыссыздарды Жастар практикасына қабылдағаннан күннен бастап үш күн ішінде жұмыс беруші уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
      19. Жастар практикасына қатысушы еңбек Заңын бұзған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
      20. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Жастар практикасына қатысушымен шарт бұзылған кезде, ол қабылдаған шешім туралы үш күн ішінде уәкілетті органға хабарлайды. Жұмыссыз азамат практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы жұмыс берушіге және уәкілетті органға үш күннің ішінде хабарлайды.
      21. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс беруші уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушының жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      22. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған азамат уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.

Жастар практикасын қаржыландыру

      23. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаржысы есебінен "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге ағымдағы мақсатты трансферттер" 103 кіші бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Жастар практикасына қатысушыларға ақы төлеуді уәкілетті орган Жастар практикасына қатысушымен жасалған еңбек шарттардың негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына жиырма мың теңгеден төмен болмайтын мөлшерде төлейді.
      25. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын төлеуді уәкілетті орган олардың жеке есеп шоттарына аударуы арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады