Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 17 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 9 наурызда 2-13-109 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012.02.22 N 32 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауына сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес "Жастар практикасын" ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қаңтардағы
N 17 қаулысына
қосымша

Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде
қосымша шаралар белгілеу туралы

      Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналастыру және мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар Кербұлақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен (бұдан әрі-жұмыссыздар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі-жастар практикасы)тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
      2. Жастар практикасы меншік түрінен қарамастан кәсіпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады және өткізіледі.
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша, ауылдардағы өңірлік еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайға талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
      Жастар практикасын ұйымдастырғанда келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
      2) жастар арасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      5. Уәкілетті орган қаржылық экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективасын және жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұған қоса Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады, сонымен қатар жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білідіріп, хабарлама жібереді. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандығы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас атрту болып есептелінеді.
      6. Уәкілетті орган үш күн ішінде тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
      7. Ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу жүргізеді. Үміткерлерді іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі;
      1) үміткердің кәсіптік білімі болуы;
      2) іріктеу кезінде кәсіби мамандығы бойынша жұмыстың болмауы;
      3) уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
      8. Жастар практикасына қатысушы 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Жұмыссыз азаматтарды Уәкілетті органның шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша Кербұлақ аудан әкімдігіне немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      10. Жұмыссыздарды жастар практикасына алуға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар практикасына қатысушылардың мамандығына (кәсібіне) сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын үйретуді қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Жұмыссыздармен алты айдан аспайтын мерзімге еңбек шартын бекітеді және еңбек шартына сәйкес еңбек ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығы туралы норма енгізеді. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жасалады, онда жастар практикасына қатысушы мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек.
      11. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
      12. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайын жолдайды.
      13. Жұмыссыздарды жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыссызды алты айдан аспайтын мерзімге "Жастар практикасына" қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті-маман-тәлімгер бекітеді. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарына сәйкес барлық құқықтарға ие болады және міндеттеме алады.
      14. Жұмыссыздарды жастар практикасына қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.
      15. Жастар практикасына қатысушының еңбек Заңын бұзған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
      16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыссызбен шарт бұзылған жағдайда, ол қабылдаған шешім туралы 3 күн ішінде Уәкілетті органға хабарлайды.
      17. Шарттың мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші уәкілетті органға азаматты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың немесе практиканың аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін оның практикадан өтуі туралы сын пікірмен қоса жолдайды.
      18. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға жастар практикасына қатысушыны жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      19. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырмаған азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуге тұруын жалғастырады.

3. Жастар практикасын қаржыландыру

      20. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге ағымдағы мақсатты трансферттер" 103 бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Жастар практикасына қатысушыларға ақы төлеуді Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысушымен жасалған еңбек шартының негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына 15 (он бес) мың теңгеден кем емес мөлшерде төлейді.
      22. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысы төлеуді Уәкілетті орган олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады