Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 8 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 9 наурызда 2-13-110 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы N 381 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011.12.06 N 381 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып және Кербұлақ ауданы мәслихатының 2009 жылдың N 15-107 "Кербұлақ ауданының 2009 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімінің негізінде аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қосымша шаралар енгізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтері бойынша жеңілдіктер аудан бюджетінің есебінен 2010 жылға қабылдансын.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер қосымшада көрсетілген нормалар шегінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Айгүл Тұрдахунқызы Диханбаева) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктердің төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 12 ақпанында N 2-13-87 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2009 жылдың 10 сәуіріндегі N 15 санында жарияланған) Кербұлақ аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
      6.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

Кербұлақ ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 27 қаңтардағы
N 8 "Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерін
әлеуметтік қорғау жөніндегі
қосымша шаралар
туралы" қаулысына
қосымша

      Суық су – 1 адамға х 52,01 теңге х 12 ай =624 теңге х 17 адам =10608;
      Газ – 1 адамға х 1400 теңге х 12 ай = 16800 теңге х 17 адам =285600;
      Электро жарық 45 кВт 1 адамға х 12,32 тиын х 12 ай =6648 теңге х 17 адам =113016;
      Көмір жылына 1 рет 1 тонна 17 адам х 6800 теңге =115600 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады