Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 31.08.2012 N 08-51 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы 2314 қаулысына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Диханбаева Айгүл Тұрдақынқызы).
3. Кербұлақ аудандық қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Мұсахметова Гауһар Ақылбекқызы).
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Күләш Ілебайқызы Меренбава мен жергілікті бюджеттің орындалуын қадағалау (тексеру комиссиясы) коммуналдық, шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету, аудан экономикасы мен бюджеті жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қуаныш Жарманбекұлы Борманбековке жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
сессия төрайымы Мұратбек Ахметжанов
Кербұлақ аудандық
мәслихатының хатшысы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2010 жылдың 31 мамырындағы
N 30-226 "Кербұлақ ауданында аз
қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (әрі қарай тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97–бабының 2-тармағына және ережеге сәйкес әзірленген тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1).Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік- аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
2). Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі. Уәкілетті орган ауыл, қала әкімдерінен өтініш берушінің құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3). Жиынтық кіріс- (табыс) тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы (зейнетақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы еңбек ақы және өзге де табыстар). Осы табыс түрлерін Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерден алуы керек, ал өзге де табыстар өз қолымен жазылған өтінішпен расталады.
2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрмыстық – коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда төленеді.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің жалдаушы өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымды ретінде есептелінеді.
Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй ала алмайды.
Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
Аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің өтемақы төлеу) коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленген ақшалай өтемақы.
2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары және ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа ораналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегін алуға болмайды.
Соның ішінде күтімге мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін сексен жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, өз бетімен жұмыс жасайтын адамдар, сондай- ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтар кірмейді.
2. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
3. Аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтар) өтінішімен қоса уәкілетті органға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) Жеке басының куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет, келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
3) Тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату- сатып алу, жалға беру келісім шарты және т.б. жылына бір рет);
4) Тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төлегені туралы түбіртектің көшірмелері (өткен тоқсанға);
5) Тұрғыны көп пәтерлі үйде ғимаратта немесе жеке меншік тұрғын үйде ортақ жылыту болмаған жағдайда отынды сатып алуды растайтын құжаттар ұсынылады.
6) Отбасының табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға);
7) Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек береді, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) өзге де табыстар (кірістер өз қолымен өтініш жазып растап береді);
5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі табысына қалалық жерде тұратындарға бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
5. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) ақшалай және заттай түрдегі құндық бағадағы қайырымдылық көмек;
6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық- түлік бағаларының қымбаттануына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
7) жеке ісін ашуға және немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі.
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі қалалық, ауылдық селолық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді тапсырады.
7. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе қалалық, ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
8. Қалалық, ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілерді құжаттарын тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
9. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган 30 жұмыс күн ішінде жәрдемақысының тағайындалуы немесе тағайындалмауы туралы шешім шығарады.
10. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
12. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге қажет. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі немесе жалгерлер құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда- сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар
1. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) газ тұтыну- 1 айға 1 кішкене баллон;
2) Электр жүйесін қолдану:
1 адамға- 45 киловатт;2 адамға- 90 киловатт;
3 адамға- 135 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына- 150 киловатт;
3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
4) от жағу маусымына 5 тонна көмір, түбіртексіз есептелінсін.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.