РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Көксу ауданы мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы "Көксу ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 34-1 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен – 45 киловатт, 1 (бір) кіші газ балонының құнын, суық сумен қамтамасыз ету және жылына бір рет 2 (екі) тонна көмір (отын) құны.
2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
3. "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетовке аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Өсербаев