Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 06 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 02 наурызда N 2-16-102 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010.03.29 N 126 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі-мүгедек балалар) қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі әлеуметтік көмек) тоқсанына сол кездегі айлық кездегі есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшері көлемінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
      2. Әлеуметтік көмек туылған, асырып алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
      3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмекті аудандық пошта байланы с торабы арқылы тоқсан сайын төленуін қамтамасыз етсін;
      1) өтініш (әр тоқсанға);
      2) өтініш иесінің жеке куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код (көшірмесі);
      3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);
      4) дәрігерлік әлеуметтік комиссиясында мүгедектігін куәләндырылғаны туралы белгіленген үлгіде анықтама (көшірмесі);
      5) өтініш иесі мен мүгедек баланың тұрып жатқан мекен-жайы туралы анықтама (әр тоқсанға):
      6) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;
      7) мүгедек баланың үйде оқитынын дәлелдейтін оқу орнынан берілген анықтама.
      4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бибігүл Нукенқызы Албанбекова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      5. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
      6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 396 қаулысының күші жойылған деп танылсын (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде 2009 жылдың 27 тамыздағы N 2-16-95 болып тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 39 (8459) жариялаған).
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады