Панфилов ауданында табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 ақпандағы N 4-26-173 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 04 наурызда N 2-16-106 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 наурыздағы N 4-28-183 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010.03.26 N 4-28-183 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданында табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы).
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Жақыбай Азат Жапарұлы).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ө. Битебаев

      Аудандық мәслихат
       хатшысы                                   Т. Оспанов

Панфилов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 3 ақпандағы
N 4-26-173 "Панфилов ауданында
табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі (әрі қарай-тәртібі) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңының 97-бабының 2-ші тармағына сәйкес әзірленген тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің жалдаушысы өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке акы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымды ретінде есептеледі.
      Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
      Аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленген ақшалай өтемақы.

1. Қолданылатын негізгі анықтамалар

      1. Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссия өтініш берушілердің материалдық жағдайына тексеру жүргізіп тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытынды актілерді әзірлейді, уәкілетті органға 10 күн ішінде тапсырады. Учаскелік комиссиялардың құрамы қоғамдық негізде қала және ауылдақ аумақтардың әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау өкілдерінен құрылады. Учаскелік комиссияның мәжілісі кем дегенде он күнде бір рет өткізіледі.
      2. Уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі. Уәкілетті орган ауыл, қала әкімдерінен өтініш берушінің құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3. Жиынтық кіріс – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы (зейнетақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы еңбек ақы және өзге де табыстар). Осы табыс түрлерін Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерден алуы керек, ал өзге де табыстар өз қолымен жазылған өтінішпен расталады.

2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Соның ішінде Күтімге мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін сексен жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар, жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, өз бетімен жұмыс жасайтын адамдар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтар кірмейді.
      2. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар тұрмысы төмен отбасыларына (адамдарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер немесе отбасылары (азаматтар) оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса қалалық, ауылдық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына бір рет, келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      3) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім шарты және т.б. жылына бір рет);
      4) Әділет басқармасынан жеке меншігіндегі бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет);
      5) отбасының құрамын, тұрғылықты мекен-жайын растайтын ауылдық селолық округі әкімінің анықтамасы (тоқсан сайын);
      6) тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленгені туралы түбіртектің көшірмелері (өткен тоқсанның соңғы айы);
      7) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      8) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі туралы жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек береді, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынандай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) өзге де табыстар (өз қолымен өтініш жазып растап береді);
      5) жеке қосалқы шарушылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шарушылықтың кірісі тоқсанына қалалық жерде тұратындарға бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      5. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегі құндық бағадағы қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға және немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шарушылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі.
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі қалалық, ауылдық селолық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді тапсырады.
      6. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе қалалық, ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      7. Қалалық, ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      8. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган 10 жұмыс күн ішінде жәрдемақысының тағайындалуы немесе тағайындалмауы туралы шешім шығарады.
      9. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      11. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі немесе жалгерлер құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      1. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) Электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      3 адамға – 135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) 1 жылға 4 тонна көмір (жыл бойына беру есептелінеді);

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      1. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен облыстық поштаның орталық атқару ограны филиалдары арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады