Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4-29-187 шешімі және Алматы облысы Панфилов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 173 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 18 мамырда N 2-16-113 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшесінің атын Садық Зульяров атындағы көше деп өзгерту туралы ұсынысы мақұлдансын.
       2. Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көше Садық Зульяров атындағы көше болып өзгертілсін.
       3. Осы шешімнің және қаулының орындалуын қадағалау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына тапсырылсын.
       4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Б. Молдахметов

      Панфилов ауданының
      әкімі                                      Е. Келемсейіт

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады