Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 маусымдағы N 4-30-194 шешімі және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 221 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 08 шілдеде N 2-16-119 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласының жоғарғы бөлігінде, Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябаққа Бөлек батыр есімін беру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Панфилов ауданы Жаркент қаласының жоғарғы бөлігінде, Николай Голавацкий атындағы көшеде орналасқан саябақ Бөлек батыр атындағы саябақ деп аталсын.
      3. Осы шешімнің және қаулының орындалуын қадағалау Панфилов аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына тапсырылсын.
      4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Темірбаева

      Панфилов ауданының
      әкімі                                      Е. Келемсейіт

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады