РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ көшелерге ат қою туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Панфилов ауданы Жаркент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аты жоқ 37 көшеге орналасу ерекшеліктеріне қарай батыстан шығысқа қарай 1, 2, 6, солтүстіктен оңтүстікке қарай 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 көше деп аталсын.
3. Бірден жиырма алтыншы көшелер орналасқан аймақ "N 1-ықшам ауданы", жиырма жетіден отыз жетінші көшелер орналасқан аймақ "N 2-ықшам ауданы" деп аталсын.
4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Илипов
Панфилов ауданының
әкімі Е. Келемсейіт
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Т. Оспанов