Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі N 74 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 сәуірде N 2-17-84 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 1920-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 960 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1983-1992 жылдары туылған азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссияның төмендегі құрамы құрылсын:

Құмарғалиев
Руслан Шораұлы

-

"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша);

Бақтыбаев
Есболат Шаймұратұлы

-

"Сарқан ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі жалпы бөлімінің
бас маманы, төраға орынбасары;

Әбілқасым Елесұлы

-

Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары – комиссия
мүшесі (келісім бойынша);

Шылғаубаев
Алтай Қанийұлы

-

"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының дәрігер - хирургі,
комиссия мүшесі (келісім бойынша);

Дидар Нұртөлеуұлы


"Сарқан ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің әскери қызметкерлерді
келісім шарт бойынша және шақыру
бөлімшесінің бастығы, комиссия
мүшесі (келісім бойынша);

Байғошанова
Қатшан Болысбекқызы

-

"Сарқан ауданының орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі- комиссияның
хатшысы(келісім бойынша)

      3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.Долаева) келесі талаптарды орындау ұсынылсын:
      1) шақыру басталғанша әскерге шақырылушыларды әскери құжатқа белгі соғу үшін қан тобы және резусының анықтамасымен, қан, зәр тексерулерімен, кеуде куысының суретімен, иммундық тапшылық вирусын тексеру анықтамасымен қамтамасыз ету;
      2) шақыру аяқталғанша әскерге шақырылушылар емделінсін, осы мерзімге дейін амбулаторлық емделуде болғандардың жеке карталарын (Ф-025-У үлгісі) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге егілудің алынған түрлерін көрсетіп, жүйке ауруына, туберкулезге, тері-венерологиялық ауруларға, жұқпалы ауруларға, нашақорлыққа шалдыққандардың тізімін тапсыру.
      4. "Сарқан аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Э.Иманғалиева) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
      5. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Абдірахмановқа:
      1) әскерге шақырылушылар мен шығарып салушылар арасында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын;
      2) әскери қызметтен бас тартқандарды іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін жұмылдыру ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады