Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 қазандағы N 38-231 шешімі және Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 313 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 03 қарашада N 2-17-91 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарқан қаласындағы жаңадан құрылған атаусыз көшелерге (бұрынғы Аэродром алаңының маңайында) оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Астана, Көшкінбай Жанатов, Әліби Жангелдин, Сырым Датұлы, Қасым хан көшесі деген атаулар қойылсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаттың жастар арасында жұмысын қамту, мәдениет, білім беру, әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Сәмбетов және аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                С. Бекішов

      Сарқан аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ғ. Рахметқалиев

      Сарқан аудандық
      мәслихатының кезектен тыс 38
      сессиясының төрағасы                       Ж. Құлахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады