Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданы елді мекендер жерінің құрамына елді мекендерді кеңейтуге және осыған байланысты қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, Белбұлақ ауылдық округінің шекарасы (шегі) мынадай болып өзгертілсін:
Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылы елді мекеннің шекарасына барлығы 5,8080 гектар жер аумағы енгізілсін.
2. "Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.
3. "Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С. О. Әшімова
Аудан әкімі Т. Ә. Өмірәлиев
Аудандық мәслихат хатшысы Р. М. Ыдралиева