Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011.06.02 N 06-167 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы "Ұйғыр ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 30-1 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен – 45 Квт, 1 (бір) кіші газ балонның құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.
2. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турдыбакиев Турсунжан қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
3. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Даутова Сахидам Молутқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Омаров