Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы N 11-378 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау уәкілеттілігі "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турдыбакиев Турсунжанға берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі К. Омаров
Ұйғыр ауданы әкімдігінің
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
2010 жылғы 10 наурыздағы
N 05-64 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ереже
1. Осы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібі" (бұдан әрі Тәртіп) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 3-тармағының 1-ші тармақшасына және 4 тармағына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында жасалған.
2. Осы Ережеде қолданылатын, негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін, жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде тұратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары, ішінара өтелетін жұмыс орны;
2) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі– уәкілетті орган);
3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар;
4) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Еңбек, Зейнетақымен қамту және Әлеуметтік сақтандыру туралы Заңдары өз күшін сақтайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастырудың тәртібі
4. Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер, жергілікті атқарушы органмен (жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган) атқарылатын жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетілген келісім шарт жасайды.
3. Әлеуметтік жұмыс орнының қаржыландыру көздері мен жағдайы
6. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған азаматтардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жасалатын келісім шарт бойынша жүргізіледі және саны мен сапасына күрделігіне байланысты болады.
7. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған азаматтарға төленетін еңбекақы төлемінің шығыны жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, ең төменгі еңбекақы көлемінен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және бақылау
8. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру, заңмен белгіленген тәртіпте, уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.
Ұйғыр ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы Т. Турдыбакиев