Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 43-7 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға бес айлық көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Т. Кадыров
Аудандық мәслихаттың
хатшысы М. Нуров