Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймағына қарасты Түркістан ауылының атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 133 Қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 02 маусымдағы N 25-9 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 25 маусымда 1747 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Сарысу ауданының мәслихаты мен әкімдігінің ұсыныстарын қарай келе, облыстық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 30 наурыздағы оңды шешімін және тиісті аумақтағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып,  “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”2001 жылғы 23 қаңтардағы, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймағына қарасты Түркістан ауылының атауы Әшір Бүркітбаев ауылы деп өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                                Облыстық мәслихат
      Қ.Бозымбаев                                сессиясының төрағасы
                                                 Ж.Кодеков

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Ә.ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады