Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің әкімшілік шекарасына мемлекеттік жер қоры "Түркісіб" учаскесі жерінен 6,0 гектар жер қосылып Жамбыл ауданы Қарой селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі | Облыстық мәслихат |
Қ. БОЗЫМБАЕВ | сессиясының төрағасы |
Ж. Кодеков | |
Облыстық мәслихат хатшысы | |
Ә. ӘСІЛБЕКОВ |