"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 06 қыркүйекте N 27-2 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 08 қыркүйектегі 1753 нөмірімен тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 2-2-17/388 хаты)

      Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облыстық Әділет департаментінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 2-2-17/388 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың 2010 жылғы 23 тамыздағы № 20-64/3408 тапсырмасына сәйкес және полиомиелиттің таралу қауіпі жағдайын болдырмау мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1737 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қаңтарында № 3-4 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымшада:
      «Шығындар» бөлігінің 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобының 253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде:
      020 «Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету» бағдарламасы жолындағы «324 200» сандары «320 279» сандарымен ауыстырылсын;
      027 «Халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырып сатып алу» бағдарламасы жолындағы «347 197» сандары «351 118» сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыстық мәслихат                          Облыстық мәслихаттың
сессиясының төрағасы                             хатшысы
С.БЕГЕЕВ                                         Ә. ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады