РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Жуалы ауданы әкімдігі мен мәслихатының ұсыныстарын қарай келе, облыстық онамастика комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 1-3 ұйғарымы және тиісті аумақтың тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Любимовка ауылының атауын Қосмұрат ауылы деп өзгертілсін.
2.Осы нормативтік құқықтық акті Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Облыстық мәслихат
Қ.БОЗЫМБАЕВ сессиясының төрағасы
С.БЕГЕЕВ
Облыстық мәслихат
хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ