РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері мен көлемі, нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Абдрахманова), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2011-2013 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандағы уәкілетті орган - «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарт жасассын.
6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
7. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Құлекеев
Байзақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «30» қарашадағы
№ 702 Қаулысына № 1 қосымша
2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауданаумағындағы мекемелердің
ТІЗБЕСІ
1. «Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Бурыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Диқан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
4. «Жалғызтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6. «Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Көптерек ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
8. «Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
10. «Мырзатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Сазтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Суханбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Темірбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Ынтымақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. «Байзақжылукоммуналсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
19. «Таза ауыл» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20. «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байзақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «30» қарашадағы
№ 702 Қаулысына № 2-қосымша
2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.
№ |
Жұмыс түрлері атауы |
Нақты жағдайлары |
Көлемі |
Қаржы көздері |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1 |
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) |
1.Арық тазалауға жәрдемдесу 2.Күл-қоқыс шығаруға және тасымалдауға жәрдемдесу 3. Ішкі жолдарды ағымды жөндеуге жәрдемдесу 4.Гүл егу және гүлзарларды күтуге жәрдемдесу 5.Тал егуге жәрдемдесу 6.Отырғызылған тал-дарақтарды күзету,суғру,күту және ретке келтіру жұмысына жәрдемдесу 7.Тал түбін әктеу,ретсіз бұтақтарын кесуге жәрдемдесу 8.Электр және байланыс жүйесінің бағаналарының түбін сырлау,әктеуге жәрдемдесу 9.Үгіт-насихат тақталарын орнату, сырлау, қайта жазуға жәрдемдесу 10. Ескерткіштер мен саябақтар ауласын көгалдандыруға жәрдемдесу 11.Басқа да әртүрлі тазалық жұмыстарына жәрдемдесу |
78.4 км 770 тн. 140 м3 6.0 км 1360 м2 38550 түп 58,2 га 14100 дана 3057 дана 348 м2 53620 м2 |
Жергілікті |
50 |
50 |
2 |
«Жасыл ел» бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету |
Күзету, суғару, күту және ретке келтіру жұмыстарына жәрдемдесу |
137 га |
Жергілікті |
10 |
10 |
3 |
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу |
1.Сауалнама жүргізуге жәрдемдесу 2.Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу 3.Басқа да жұмыстарға жәрдемдесу |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті |
5 |
5 |
4 |
Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындау, соғыс ардагерлерімен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу |
1.Ағымды жөндеу жұмысына жәрдемдесу 2.Отын дайындауға жәрдемдесу 3.Аулаларды ретке келтіруге жәрдемдесу |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті |
5 |
5 |
Барлығы: |
70 |
70 |