Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, мүгедектердi жұмыспен қамту мақсатында Тараз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Тараз қалалсындағы жұмыс берушілерге, жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкiмiнің орынбасары С.Қ. Мәдиеваға жүктелсiн.
3. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | Е. Астаев |