РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13- бабындағы 4) тармақшасы негізінде Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.
Тараз қаласының «Бурыл» алқабындағы Сакен Смайлұлы көшесі мен Саудакент көшелерінің аралығында орналасқан жалғыз, жаңа көшеге Ергаш Досмухамедовтың есімі берілсін.
2.
Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының |
Тараз қалалықмәслихатының хатшысы |