РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ботамойнақ ауылдық округі Байзақ ауылындағы жаңа көше тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ботамойнақ ауылдық округі Байзақ ауылындағы жаңа көшеге Мақтагүл Алпысбаеваның есімі берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ Әкімі Д.Наурызбаев