РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қаракемер ауылындағы Бейбітшілік көшесінің 1-ші бұрылысы тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Қаракемер ауылдық округіне қарасты Қаракемер ауылындағы Бейбітшілік көшесінің 1-ші бұрылысының атауы Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлова атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракемер ауылдық
округінің әкімі Е. Бұралхиев