Пионер ауылдық округі аумағындағы елді-мекендерде бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 мамырдағы N 6 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 маусымда 120 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 15 шешімімен

      Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер ауылдық округінің 2010.10.18 № 15 шешімімен.

       «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Пионер ауылдық округі аумағында мүйізді ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты және Жадбыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 13 мамырдағы № 463 және 2010 жылғы 14 мамырдағы № 474 ұсыныс хаттары негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Пионер ауылдық округі аумағындағы елді мекендерде мүйізді ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, ауру тіркелген Пионер, Шайдана ауылдарына шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Жігітековке (келісім бойынша), «Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Қасымовқа (келісім бойынша), «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 Бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3252 болып тіркелген) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуы ветеринария ісі жөніндегі бас маман М.Темірбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Пионер ауылдық
      округінің Әкімі:                           А. Алдашев

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Қасымов
18.05.2010 ж.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н. Жігітеков
18.05.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады