РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 18) тармақшасын және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, округ аумағындағы шаруашылық субьектілері иелігіндегі уақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 13 шілдедегі № 365 Ұсынысына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданының Шақпақ ауылдық округінің уақ малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. «Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Бидешовке (келісім бойынша) ветеринариялық инспекторлармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.
3. «Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Қартабаевпен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 Бұйрығымен бекіткен «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруының алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережесінен» (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 9 желтоқсанда № 3252 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Б. Қансейітұлына жүктелсін.
5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қарашолақов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Бидешов
«27» шілде 2010 ж.
«Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің
Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы,полиция майоры
Қ. Бекхожаев
«27» шілде 2010 ж.
«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Р. Исаханова
«27» шілде 2010 ж.